+7 (7172) 23 01 65

+7 (701) 223 01 65

+7 (747) 223 01 65

info@skastana.kz

Қаз

Сізді «Астана» спорт кешені сайтында көруге қуаныштымыз

 «Астана» спорт кешені бұл - 25 метрлік бассейн, жаттығу залы, атыс тирі,
әмбебап спорт залы, скалодром, хореография және күштік жекпе-жек залы.

Жұмыс кестесі
Дс Сc Ср Бс Жм Сб Жс
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00

Мини-футбол

Описание

Мини-футбол ойнауға арналған алаң әмбебап спорт залында орналасқан. Бұл үлкен зал, онда скалодром және волейбол алаңы орналасқан. Ойын залының жалпы көлемі-1575,5 шаршы метр. Осының арқасында залда әрдайым ауа мен табиғи жарық көп. Сору-сыртқа тарату желдеткіші жылдың кез келген уақытында залда жайлы атмосфера құруға мүмкіндік береді. Ал 40 төбелік жарықдиодты шамдар Сіздің ойыныңызды тәуліктің ең қараңғы уақытында да жарқын етеді.

Футбол алаңының көлемі - 1125,5 шаршы метр. Алаң көлемі: 40х20м. Қақпаның көлемі: 3х2м. Алаң стандарттарға сәйкес келеді және футзал бойынша жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Дәл осы «Астана» спорт кешенінде орталық матчтарды елордалық Әуесқой Футбол Лигасы өткізеді.

Залдар қорғаныс торымен бөлінген. Алаң айналасында ауттарды беру және жүгіруге жеткілікті орын қарастырылған Командалардың қарамағында себезгілермен жабдықталған шешінетін бөлмелер бар. Көрермендер үшін 165 орындық трибуналар қарастырылған.

СИПАТТАМАЛАР

1125.5

шаршы метр, 
футбол алаңының көлемі

40х20

метр,
футбол алаңының мөлшері

3х2

метр, қақпа
мөлшері

«Астана» СК-дегі футбол залының ерекшелігі - еменнен жасалған кәсіби ағаш паркет жабыны. Арнайы композициямен қапталған паркет ыңғайлы және жылдам ойнау үшін қажетті ілінісу көрсеткіштерімен үйлесетін орташа сырғуды сақтайды. Сонымен қатар, жабын шағылысуға қарсы, бұл күндізгі уақытта да, жасанды жарықтандыру кезінде де жарықтандырылған аймақтардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, терезелерде тікелей күн сәулесінен қорғайтын күн қорғанысы бар.

Кесте

Алаң аптасына 7 күн жалға беріледі. Бір сағаттың құнын Сіз «Бағалар» бөлімінен біле аласыз.

Бағалар

Волейбол / баскетбол

Сипаттама

Волейбол және баскетбол ойнауға арналған алаң спорт кешенінің екінші қабатында орналасқан. Бұл мини- футбол алаңының жанындағы біріктірілген алаң. Ойыншыларды футболистерден бөлетін тор бар, сондықтан кездейсоқ келетін доптар туралы алаңдаумаға болады.

Волейбол алаңының өлшемі - 18х9 метр, баскетбол алаңының өлшемі - 18х22 метр. Белгілеу, тор, сақиналар бар. Көрермендер трибунада орналаса алады. Ойнаушылардың иелігінде шешінетін және себезгі бөлмелері бар.

СИПАТТАМА

18х9

метр,
волейбол алаңының өлшемі

18х22

метр,
баскетбол алаңының өлшемі

«Астана» СК волейбол/баскетбол залының ерекшелігі - еменнен жасалған кәсіби ағаш паркет жабыны. Арнайы композициямен қапталған паркет ыңғайлы және жылдам ойнау үшін қажетті ілінісу көрсеткіштерімен үйлесетін орташа сырғуды сақтайды. Сонымен қатар, жабын шағылысуға қарсы, бұл күндізгі уақытта да, жасанды жарықтандыру кезінде де жарықтандырылған аймақтардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Кесте

Алаң аптасына 7 күн жалға беріледі. Бір сағаттың құнын Сіз «Бағалар» бөлімінен біле аласыз.

Бағалар