+7 (7172) 23 01 65

+7 (701) 223 01 65

+7 (747) 223 01 65

info@skastana.kz

Қаз

Сізді «Астана» спорт кешені сайтында көруге қуаныштымыз

 «Астана» спорт кешені бұл - 25 метрлік бассейн, жаттығу залы, атыс тирі,
әмбебап спорт залы, скалодром, хореография және күштік жекпе-жек залы.

Жұмыс кестесі
Дс Сc Ср Бс Жм Сб Жс
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00
Бассейн және Фитнес: 08:00 - 22:00

Фитнес залы

Сипаттама

«Астана» спорт кешені келушілерге таңдауы бойынша екі жаттығу залын ұсынады.

Бірінші қабатта 160 шаршы метрлік жаттығу залы орналасқан, ол күштік жұмыстарға көбірек бағытталған. Шағын фитнес - бұлшықеттерді ретке келтіруге, сымбатты және жинақы болуға көмектесетін еркін салмақтар мен тренажерлер залы. Бруталды залды ер адамдар бағалайды. Сонымен қатар, шағын залға абонемент алу – бұл Сіздің бюджетіңіз үшін тиімді ұсыныс.

Екінші қабаттағы Фитнес залдың көлемі үлкенірек. 250 шаршы метрде барлық бұлшықет топтарына арналған тренажерлер жинақы орналасқан: блок тренажерлері, жүгіру жолдары, эллипстер, степперлер, жаттығу велосипедтер. Жабдық 2020 жылы сатып алынды және фитнес-залдардың заманауи жабдықталуына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді.

Залдарда жаттығуға ыңғайлы болу үшін төбеге арналған кондиционерлер мен сплит жүйесі орнатылған.

Біз ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін жеке бағдарламаларды құрастыру үшін білікті нұсқаушыларымыздың және дербес жаттықтырушыларымыздың қызметтеріне жүгінуді ұсынамыз.

Жеке жаттығулар мен жаттықтырушылар туралы толық ақпаратты Жеке жаттығулар бөлімінен таба аласыз.

Спорт залдарындағы жеке жаттығулар 15 жастан бастап қолжетімді болатынына назарларыңызды аударамыз. Бұл қауіпсіздік мәселелеріне байланысты және Спорт кешенінің ережелерінде көрсетілген. Егер Сіздің жасыңыз кіші болса, бірақ спортзалға қызығушылық танытсаңыз, жеке жаттықтырушының қызметіне жүгініңіз, ол Сіздің жасыңыздағы ағзаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бейімделген бағдарламаны жасайды және жаттығу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Құны

Залдардың әрқайсысына Абонемент немесе бір жолғы талон жеке сатып алынады. Келу құнын Сіз Бағалар бөлімінен таба аласыз.

Бағалар